Ақмолада оқыс оқиға. Қорғалжын ауылында агротехникалық колледждің төрт бірдей студенті тоққа түсіп, мерт болды. Жөндеу жұмыстары жүріп жатқанда 1-ші курс тәлімгерлері темір сатыны оқу ғимаратынан гаражға апармақ болыпты. Алайда, жолай қуаты 380 вольттық тоқ сымына тиіп кетіп, төртеуі де сол жерде тіл тартпай кеткен.