Дінді жамылып жасалған әрекеттермен исламға қарсы соғыс жүріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дінді жамылып жасалған әрекеттермен исламға қарсы соғыс жүріп жатыр

Дінді жамылып жасалған әрекеттермен исламға қарсы соғыс жүріп жатыр

Діни ұстанымдарды теріс пайдаланудың сорақы фактілері белең алып барады.

  • 11 Маусым 2015
  • 521
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі аясындағы «Дін және саясат: жаңа ағымдар мен перспективалар» атты секция отырысында Араб мемлекеттері лигасының Халықаралық және өркениетаралық диалог жөніндегі департаментінің директоры Самиа Бибарс мәлім етті.

«Көптеген елдерде идеологиялық және саяси себептер үшін діннің бұрмаланып көрсетілуі нәтижесінде өшпенділік пен экстремизмге алып келуде. Яғни, осы елдерде экстремистер дінді жамылып өз әрекеттерін жасауда. Бүгінде Ливия, Сирия және Иракта ислам дінін жамылып жасалып жатқан іс-қимылдар арқылы, шын мәнінде исламға қарсы соғыс жүріп жатқандығын байқап отырмыз. Осы орайда діни ұстанымдарды теріс пайдаланудың сорақы фактілерін айқын көріп отырмыз»,- деді С.Бибарс.


Бұл тұрғыда ол діни лидерлер өз ықпалын қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге бағыттауы тиіс екенін айта келе, «қазіргі уақытта экстремизммен күресу үшін саясаткерлер мен діни лидерлер өздерінің күш-жігерін біріктіруі қажет. Сондықтан да, әлемде дінаралық диалог ауқымды түрде талқылануы керек», — деді.