Аумақтық сот орындаушылар бөлімі-филиалында 2015 жылдың 5 айында алимент өндіру туралы жалпы 1687 атқару құжаттары болған, оның ішінде 48 атқару құжаттары аяқталып, 1639 атқару құжаттары орындалуда. Бұл туралы ОҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.
Қала прокуратурасымен аумақтық сот орындаушылар бөлімінде 6 тексеріс жүргізіліп, нәтижесімен 6 заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынысы енгізіліп, 1 тәртіптік іс өндірісі қозғалып, 1 сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Сондай-ақ, қала прокуратурасымен «Балаңды есіңе ал — Алимент төле!» атты акциясы жүргізілді.
Акция шарасында қалада орналасқан бильборд тақталарына алимент өндіру туралы банері ілініп, алимент жөнінде видеоролик түсіріліп теле арнадан күніне 5 рет көрсетілуде.
Түркістан қаласында орналасқан «Куаныш» орталық базарына хабарландыру тақталарына сот ұйғрымымен алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлердің суреттері ілініп, борышкерлерді іздеу шаралары жүргізілуде.
Түркістан аумақтық сот орындаушыларымен 86 борышкерге Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеулер қойылды.
Бұдан бөлек қала прокуратурасымен Түркістан аумақтық сот орындаушылар бөліміне Түркістан қалалық сотына Заңның 34-бабы 1-бөлімінің 3-тармағына сәйкес алименттер өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша берешек жиналып қалған жағдайда борышкерге лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтар беруге уақытша тыйым салу туралы ұсыныс жолданып, Түркістан қалалық сотының ұйғарымымен Түркістан қаласының салық басқармасына, Түркістан қалалық әділет басқармасына, Түркістан ауданаралық емтихан қабылдау және тіркеу жұмысы бөліміне және басқа да тиісті мекемелерге жолданды.
Сонымен қатар, алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерге қатысты қала прокуратурасымен видеоролик түсіріліп жергілікті телеарналардан көрсетілді.
Қала прокуратурасының бастамасымен алимент өндіру мақсатында рейдттік шаралар жүргізілді, өткізілген шара нәтижесімен 2 борышкер ӘҚБтК-нің 669 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.