5 жасар қыз баланы азғырды деп ұсталған қария қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
5 жасар қыз баланы азғырды деп ұсталған қария қайтыс болды

5 жасар қыз баланы азғырды деп ұсталған қария қайтыс болды

Шымкенттегі ауруханада осыған дейін 5 жасар қызды азғырды деген күдікпен ұсталған 83 жастағы қария қайтыс болды,

  • 11 Маусым 2015
  • 554
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады меншікті тілшіміз Наталья Цой. Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ клиникасы ревматология бөлімінің меңгерушісі Светлана Теннің мәлімдеуінше, 7 маусымда зейнеткер «Жүректің өткір жетіспеушілігі» диагнозымен жатқызылған. Оның тыныс алуы қиындап, ауыр халде түскен. Дәрігерлер оны құтқару үшін барын салғанымен, қарт бойын дендеген науқас салдарынан ауруханада көз жұмыпты. Дәрігерлер «зейнеткердің есі ауысып, өзін жөнді ұстамаған кездері болғандығын» да айтты. Естеріңізге сала кетейік, қартты ауладағы 5 жасар қызға нәпсіқұмарлықпен тиісті деген күдікпен өз көршілері полицияға ұстатып жіберген еді. Осыған байланысты тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғап, одан түсініктеме алғаннан кейін қарияның қан қысымы артып, ол жедел жәрдеммен ауруханаға түсті, — деп хабарлайды 
http://24.kz/kz
 сайты.