Жемқорлыққа қарсы ведомство Қажымұрат Үсеновтің ұсталғанын растады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жемқорлыққа қарсы ведомство Қажымұрат Үсеновтің ұсталғанын растады

Жемқорлыққа қарсы ведомство Қажымұрат Үсеновтің ұсталғанын растады

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен ЭКСПО-2017 құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсеновтің ұсталғанын растады.

  • 11 Маусым 2015
  • 412
Фото - Caravan.kz

«Иә, ол кеше ұсталған. Тергеу жүргізіліп жатыр. Мәселе оның ЭКСПО-2017 қызметі аясындағы бюджеттік қаражаттар туралы болып отыр», — деп хабарлады жемқорлыққа қарсы ведомство басшысының орынбасары Алик Шпекбаев.

Бұған дейін БАҚ-та Қ.Үсеновтің құрылыс компаниялардың бірінің мүддесін лоббилегені туралы ақпарат  болған.

Атап өтейік, ЭКСПО-2017 құрылыс департаментінің бұрынғы басшысының есімі баласы Мақсат Үсеновтің қатысуымен көпшілік арасында шу шығарған ірі жол-көлік оқиғасынан кейін ерекше танымал болды.