Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезінің Декларациясы қабылданды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезінің Декларациясы қабылданды

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезінің Декларациясы қабылданды

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезінде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету,

  • 11 Маусым 2015
  • 591
Фото - Caravan.kz

қақтығыстардың алдын алу мақсатында діни лидерлердің саяси қайраткерлермен, халықаралық ұйымдармен және азаматтық қоғаммен диалогқа жәрдемдесу шешімі қабылданды. 

Бұл туралы бүгін Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі қатысушыларының декларациясын оқып берген дінаралық диалог жөніндегі Папа кеңесінің президенті кардинал Жан-Луи Торан мәлім етті.

Аталған құжатта әскери қақтығыстарға қатысып жүрген тараптарды жанжалды тоқтатып, бітімге келіп, келіссөздер арқылы зорлық-зомбылықты доғару, бейбіт тұрғындарды қорғау мен барша қайшылықтарды бейбіт шешу жөніндегі келісімді даярлауға шақырылған.

Кардинал өз сөзінде Съезге қатысушылар саяси қайшылықтарды шешуде күштік әдістерден табанды түрде бас тартуға, қазіргі заманғы әлемде сенімсіздіктің артуын тоқтатуға, өзара санкцияларды доғаруға, сондай-ақ бейбітшілік пен тұрақты даму үшін рухани және саяси қайраткерлер арасында өзара іс-қимылдың жаңа тетіктерін іздестіруге шақырғанын атап өтті.

Сонымен қатар Декларацияда әлемдік және дәстүрлі діндерге бірдей сыйластықты қамтамасыз ету мәселесі атап өтілген. Мұнымен қоса онда өшпенділік пен зорлық-зомбылықты тудыруға бағытталған арандатуларға қарсы тұру, сондай-ақ экстремизмге және лаңкестікке қарсы іс-қимыл бойынша күш-жігерге қолдау жасау мәселесі қамтылған.


Атап айтқанда қатысушылар Съездің БҰҰ-мен, қауіпсіздік саласында халықаралық ұйымдармен бұдан ары қарайғы өзара іс-қимылын дамытуға, жастардың білімін жетілдіруге жәрдемдесуге, БАҚ-ты дінаралық өшпенділіктің отын жағу үшін пайдалану тәжірибесін тоқтауға шақырды.

Бұдан бөлек құжатта кедейліктің, ашаршылықтың, эпидемиялардың, жұмыссыздықтың және өзге де қатерлердің проблемаларын шешу үшін діни және саяси қайраткерлердің күш-жігерін жұмылдыру атап өтілген.

Айта кетейік, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің келесі съезі 2018 жылы Астанада өтеді.