Алматы облысында ер адам кепілдік ретінде жалға алған көлікті қалдырып кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында ер адам кепілдік ретінде жалға алған көлікті қалдырып кеткен

Алматы облысында ер адам кепілдік ретінде жалға алған көлікті қалдырып кеткен

Алматы облысында Алматы қаласының 30 жастағы тұрғынына қатысты алаяқтық фактісімен қылмыстық іс қозғалды, істі тергеу Жамбыл АІІБ-нің қызметкерлеріне тапсырылған.

  • 11 Маусым 2015
  • 479
Фото - Caravan.kz

Қылмыстық өндіріс Ұзынағаш ауылы тұрғынының өтініші бойынша қозғалған. Өтініште ол өзіне аз таныс ер адам алдау жолымен оның жалпы сомасы 1 117 000 теңгені құрайтын қаражатын алып кеткені туралы жазған.

«Оқиғаның мән-жайларын анықтау кезінде күдікті ақшаны қарызға алып, оларды қайтарудың кепілі ретінде «Тойота Камри-50» көлігін қалдырып кеткені белгілі болды. Кепілдікке техникалық құжатымен бірге қалдырылған көлікті жәбірленушіден Алматыда көліктерді жалға берумен айналысатын фирманың қызметкерлері алып кетті. Күдікті ер адамның бұған дейін күндіз шағын сомадағы ақшаны төлеп, ішінде GPS орнатылған көлікті жалға алып кеткен, содан кейін оны 1 млн. астам теңгеге бағалап, қайта кепілдікке салған», — деп хабарлады ІІД-нен.

«Тапқыр» алматылық азамат ұсталып, полицейлерге тиісті түсініктемелерін беріп жатыр. Үстінен қылмыстық іс қозғалып, оның сондай-ақ алаяқтықпен байланысты өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.