Таразға қыдырып келген келіншекті велосипедші қағып өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразға қыдырып келген келіншекті велосипедші қағып өлтірді

Таразға қыдырып келген келіншекті велосипедші қағып өлтірді

Астаналық келіншек Таразда ажал құшты. Белгісіз бойжеткен велосипедімен 32 жастағы әйелді қағып, өзі қашып кеткен. Полицейлер оған іздеу салғанымен, күдіктінің әлі табылатын түрі жоқ. Ал марқұмның жақындары осы оқиға куәгерлерінің шұғыл хабарласуын сұрап отыр.

  • 12 Маусым 2015
  • 337
Фото - Caravan.kz

Сандуғаш Тұяқбаева Таразда іссапарда жүрген күйеуіне Астанадан үш баласымен келіп, бірге серуендеп жүрген екен. Орталықтағы тротуармен кетіп бара жатқан отбасыны қатты жылдамдықпен келген велосипедші қыз қағып өтіпті. Баласын құтқарамын деген келіншектің өзі қатты соққы алып, сол жерде естен танып құлаған. Ал шамамен 16-17 жастағы бойжеткен оқиға орнынан із суытып, сол күйі таптырмай жатыр. Басынан ауыр жарақат алған үш баланың анасына дереу ота жасалғанымен, екі тәуліктен соң көз жұмды.

Руслан Байшенов, нейрохирург:

-Басына ота жасалды. Түскен уақыт пен ота жасалған уақыттан кейін науқастың халі өте ауыр болды. Ем шараларына қарамастан, науқас қайтыс болды.