Шымкентте кішкентай қызға қол жүгіртті деп айыпталған ақсақал қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте кішкентай қызға қол жүгіртті деп айыпталған ақсақал қайтыс болды

Шымкентте кішкентай қызға қол жүгіртті деп айыпталған ақсақал қайтыс болды

Осылай балаға қол жүгіртті деп айыпталған Шымкенттік ақсақал бүгін бақилық болды. Жасы 83-ке келген Манап Суханбердиевті көршілері бүлдіршіндерге тиісті деп полицияға ұстап берген еді.

  • 12 Маусым 2015
  • 249
Фото - Caravan.kz

Қартайған шағында ерсі қылық шығарған оның жүрегі ауырады екен. Соңғы 3  жылда ауруханаға да жиі түсіпті. Тек көршілері зәрезап болған шалды дәрігерлер мақтап отыр. Тәртібі де, өзін-өзі ұстауы да жақсы еді дейді. Ал марқұмның ерсі қылығын теледидардан көргенде, жағаларын ұстаған. Бірақ соңғы жылдары қарттың жағдайы кері кеткенін де жасырмайды. Кішкентай қыздың қолын шалбарына салған ақсақалды көршілері телефонға түсіріп, аула алдында шу шығарған болатын. Осыдан кейін полицейлер алып кеткен қарттың жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға жеткізілген екен.

Еркеғали Шерханов, ревматолог:

-Бұл жолы енді айқын ентігумен, аяқтары ісінумен келіп түсті. Әр жатқан сайын көмектесіп шығаратынбыз, бұл жолы енді өкінішке орай 10 маусым күні қайтыс болды.