Алик Шпекбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары:
-Тексеріп жатырмыз . Тапсырма бар. Бюджет ақшасын мақсатты жұмсау бойынша, тергеу жүріп жатыр. Оның көлемін айта алмаймын.
Қамауға алынған Қажымұрат Үсеновке әзірше айып тағылмаған. Деректерге қарағанда, шенеунік Үкімет ақшасын алып беру үшін өзіне жақын адамдардың компанияларына лобби жасаумен айналысқан. Қазір «ЭКСПО» қалашығын тұрғызуға миллиардтап ақша бөлініп жатқаны белгілі. Ал Қажымұрат Үсеновтің есімі ұлы Мақсаттың арқасында дүйім елге танылған болатын. 2013 жылы бай баласы қымбат BMW көлігімен 6 студентті қағып кетті. Осы оқиғадан соң «үлкен Үсенов» қоғамдық пікірдің қыспағымен өз еркімен отставкаға кеткен-ді. Бірақ сол «ЭКСПО»-да кеңесші қызметінде қала берген. Тек бұл ақпаратты «ЭКСПО -2017» компаниясы растаған жоқ. Кіші Үсенов адам өлтірсе де, бар болғаны жүргізуші куәлігінен айырылса, әкесіне тағылған айып ауырлау сияқты. Сондықтан былықтары жақын арада белгілі болуы тиіс.