Семейде автомобильді жарып жіберген бұзақыларды іздестіруде - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде автомобильді жарып жіберген бұзақыларды іздестіруде

Семейде автомобильді жарып жіберген бұзақыларды іздестіруде

Семейде белгісіз адамдар тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінің жанына тұраққа қойылған көлікті жарып жіберді.

  • 12 Маусым 2015
  • 345
Фото - Caravan.kz

Облыстық ішкі істер департаментінің маманы Бақытжан Торғаевтың айтуынша, қылмыстық іс қозғалып, тергеу аясында бірқатар сараптамалар тағайындалды, істің барлық мән-жайлары тергелуде, оқиғаға қатысты тұлғалар анықталу үстінде.

«Түнде ер адам өз үйінің кіреберісінің жанында «Hyundai» маркалы көлігін тұраққа қойған. Таңертең автомобильдің зақымдалғанын (бампері, алдыңғы дөңгелегі) байқаған ол полицияға шағымданған. Белгісіз біреулердің пиротехниканы қолданғанына ұқсас болды. Барлық БАҚ жазып отырғандай, қатты жарылыс болған жоқ, әйтпесе иесі оны естіп, көлік қатты бүлінетін еді. Өкінішке қарай, БАҚ болған оқиғаның деректерін асырып жіберді», — дейді Бақытжан Торғаев.

ҚР ҚК-нің 2020-бабы бойынша (өзгенің мүлкін қасақана бүлдіру) қылмыстық іс қозғалды.