Петропавлда «Hamрton by Hilton» қонақүйінің құрылысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда «Hamрton by Hilton» қонақүйінің құрылысы басталды

Петропавлда «Hamрton by Hilton» қонақүйінің құрылысы басталды

Петропавл қаласында  «Nord hotel Group» ЖШС жекеменшік  инвестициясының есебінен халықаралық стандартқа сай «Hamрton by Hilton» қонақүйінің құрылысы басталды.

  • 12 Маусым 2015
  • 335
Фото - Caravan.kz

 Капсула салу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов қатысты.

Қонақүй ғимараты 7 қабаттан тұрады, оның 5-еуіне 122 нөмірді, мәжіліс залын, фитнес орталық және мейрамхананы орналастыру көзделуде, ал төменгі 2 қабаты   сауда дүңгіршектері мен супермаркет үшін пайдаланылады.

 Бұл жобаны іске асыру СҚО-да ауқымды шараларды өткізу кезінде қонақтарды көптеп орналастыру мәселесін шешуге мүмкіндік туғызады деп күтілуде.  

«Жобаны мәскеулік сәулетшілер дайындады, оның құны 300 млн ресей рублін құрайды»,-деді инвестор Дмитрий Кошелев.

Инвестор «Бизнестің жол картасы -2020» мемлекеттік бағдарламасын пайдалануды көздеуде.


Құрылыстың біту мерзімі — 2016 жылғы қыркүйек. 

1
2
4
5