Бүгін АƏД мұғалімдері Ғабит Қарабалаев, Серік Баймулдин, Юрий Гавриленкоға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет айтты.
Оның айтуынша, Ғабит Қарабалаев ҚР ҚК екі бабы — қару-жарақты заңсыз сақтап жəне адам өліміне əкелген əрекет жасағаны үшін айыпты деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
Айып тағылған екі мұғалім Серік Баймулдин мен Юрий Гавриленкоға қару-жарақты заңсыз сақтағаны үшін əрқайсысына 1 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.
Айта кетейік, қайғылы жағдай былтыр қараша айында Алматы Сəн жəне дизайн колледжінде орын алған болатын. Алғашқы əскери дайындық пəні кезінде Ргд-5 қол гранатасы жарылып кеткен еді. Төтенше жағдай салдарынан 1 студент қаза болып, 8 студент ауруханаға түскен болатын.