Тестілеуге орнына Аян Жәрдемовты кіргізген қыз жауапкершілікке тартылмайтын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тестілеуге орнына Аян Жәрдемовты кіргізген қыз  жауапкершілікке тартылмайтын болды

Тестілеуге орнына Аян Жәрдемовты кіргізген қыз жауапкершілікке тартылмайтын болды

Білім министрлігі биыл да дау-дамайсыз өтпеген ҰБТ-ның ресми қорытындысын жариялады. Көрсеткішке мақтанған шенеуніктер мектепті «Алтын белгімен» бітіргендердің саны күрт өсті деп отыр.

  • 13 Маусым 2015
  • 417
Фото - Caravan.kz

Тестілеуге 83 мыңға жуық түлек қатысып, орташа балл 79-ға жеткен. Ең жоғарғы 125 ұпайды 5 оқушы жинапты. Керісінше, 20 мың түлек ең төменгі 50 баллға жете алмай оқуға түсу арманынан айрылды. Биылғы тестілеу екі даулы оқиғамен елдің есінде қалды. Ұлттық қауіпсіздіккомитеті Алматы облысында түлектердің орнына кірмек болған 20 адамды қылмыс үстінде  қолға түсірді. Ал, Қазақ –Британ университетінде оқитын 20 жастағы Аян Жәрдемов қыз болып киініп, Жетісай қаласындағы мектеп бітіруші қыздың орнына тест тапсыруға кірген жерінде ұсталған болатын. Кейін ол түлек мүлдем ҰБТ-дан шеттетілді. Алайда, аяқ асты түріктің туризм академиясы емтиханнан қуылған қызға грант бөліп, оқуға шақырыпты.

Саят Нүсіпов,
ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы:

-Бұл оқиға қоғамның, Білім министрлігінің де қызығушылығын тудырды. Тіпті ҰБТ-дің ерекше есте қалатын сәті деуге болады. Бүкіл елдің назары ауғандықтан Түркі академиясы өзінің жарнамасын жасап қалу үшін Жетісайдағы орнына басқа адамды кіргізген мектеп бітіруші қызға грант та бөлді. Ол үшін қуаныштымыз.