БҚО-да әйелдерді сықпырта боқтап тұрған шенеуніктің видеосы интернетке шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да әйелдерді сықпырта боқтап тұрған шенеуніктің видеосы интернетке шықты

БҚО-да әйелдерді сықпырта боқтап тұрған шенеуніктің видеосы интернетке шықты

Ауызынан ақ ит кіріп, көк ит шыққан шенеунік! Батыс Қазақстанда аудандық әкімдіктің белді қызметкерінің әйелдерді балағаттағаны ғаламторға шығып, басы дауға қалды.

  • 13 Маусым 2015
  • 500
Фото - Caravan.kz

Ұялы телефонға түсірілген мына кадрлерде костюм киген ер адам әйелдерге бейпіл сөздерді жаудырып жатыр. Әрі ащы суға да сылқия тойып алып, теңселіп зорға тұр. Киімдеріне қарағанда, бұл жанжал жаңажылдық кеште түсірілген болуы керек. Кейбіреулер нәзік жандарға ауызына келгенін айтқан азамат Тасқала ауданы коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Бауыржан Имашев болуы мүмкін дейді. Бірақ әкімдіктегілер мұны әзірге растамай отыр. Қазір тек тексеру жүріп жатыр.