Алматыда колледждегі жарылысқа кінәлі деп танылған мұғалім үкімге қарсылық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда колледждегі жарылысқа кінәлі деп танылған мұғалім үкімге қарсылық білдірді

Алматыда колледждегі жарылысқа кінәлі деп танылған мұғалім үкімге қарсылық білдірді

Алматыда колледждегі жарылысқа қатысты бүгін сот үкімі шықты. Бір қызығы, гранатаны оқу орнына әкелген адам жазадан құтылып кетті. Ал бар айып оның жарылғыш зат екенін білмей сабақ өткен Ғабит Қарабалаевқа артылып, 2  жылға сотталды. Айыпталушы орындығындағы ұстаздарды жапа шеккен студенттің ата-аналары түгел кешірген. Судья бұған да қараған жоқ.

  • 13 Маусым 2015
  • 524
Фото - Caravan.kz

Былтыр басталған қылмыстық іске араға жарты жылдан астам уақыт салып, бүгін ғана соңғы нүкте қойылды. Алмалы аудандық соты қайғылы оқиғаға гранатаның шын жарылғыш зат екенін білмей, қаннен-қаперсіз сабақ өткен Ғабит Қарабалаевты кінәлі деп тапты.

-Қарабалаев 2 жылға сотталып жазасын жалпы режимдегі түрмеде өткізсін.

Ал жарылған гранатаны о баста оқу мекемесіне қабылдап алған Юрий Гавриленко мен осы іске қатысы бар тағы бір мұғалім Серікбай Баймолдин түрмеге қамалмайды. Олар тек айыппұлмен шектелмек. Ұстаздарының аман құтылғанын естіген студенттердің де, ағайын-туыстарының да қуанышында шек жоқ.

Үкіммен тек сол жарылыста қаза болған Светлана Яковлеваның ата-атасы келіскен жоқ. Шын гранатаны оқу құралы ретінде қабылдап алған Гавриленко жазалануы керек дейді олар. Қарабалаевтың қамалғанын адвокаты тіпті заңсыз деп отыр.

Қолғанат Қабанбаева, Ғ.Қарабалаевтың адвокаты:

-Жартылай ауыр қылмыстар бойынша, егер жәбірленушілер кешірім берсе дейді, онда қылмыскерді бас бостандығынан айыруға болмайды деп көрсетілген. Ал, судья болса 104-баптың  бірінші бөлігі бойынша Трубникова оны кешіріп тұрса да бір жылға шейін бас бостандығынан айрылады деп айтты. Ол дұрыс емес.

Сән және дизайн колледжіндегі жарылыс былтыр 17-ші қарашада болған. Алғашқы әскери дайындық сабағының үстінде қол гранатасы жарылып, 12 студент жаралады. Ал 16 жастағы Светлана Яковлева сол жерде жан тапсырған.

Жазадан құтылған Гавриленко мен Баймолдин үшін әлі 1 миллион теңгедей айыппұл төлеу міндеті тұр. Одан бөлек, айыпты деп танылған 3 азаматтың әрқайсысы 26 мың теңгеден сот шығынын өтеуі тиіс. Ал екі жылға бас бостандығынан айрылған Ғабит Қарабалаевтың адвокаты сот шешімін орынсыз деп, қайтадан шағым түсірмек.