Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны 145-ке жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны 145-ке жетті

Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны 145-ке жетті

Оңтүстік Корея Денсаулық министрлігі таяу шығыс респираторлық синдромы  (MERS) коронавирусын тағы жеті адам жұқтырғанын мәлімдеді, деп  хабарлады РБК Reuters-ға сілтеме жасап.

  • 15 Маусым 2015
  • 407
Фото - Caravan.kz


Елде вирусты жұқтырғандар саны 145-ке жетті. Оңтүстік Кореяда MERS-тен 14 адам көз жұмды.

 MERS коронавирусының бастапқы кезеңде ерекше белгілері байқалмайды. Оның туындау, таралу тетігі аз зерттелген. Дертті емдеуге арналған дәрі әзірге жасалған жоқ.  

Бұдан бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 16 маусымға вирустың таралуына байланысты шұғыл кездесу тағайындады. ДДСҰ өкілдері коронавирус жұқтырғандар санының артуы аса күрделі жағдай екенін, әрі жұқтырушылар саны арта түсуі мүмкін екенін мәлімдеді.