Семейде электрмен қамту желілерінің бір бөлігі қалпына келтірілді - ТЖД - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде электрмен қамту желілерінің бір бөлігі қалпына келтірілді - ТЖД

Семейде электрмен қамту желілерінің бір бөлігі қалпына келтірілді - ТЖД

 Бүгін Семейде таңғы сағат 6-да 10 300 абонент үшін электр жарығы қалпына келтірілді, деп ақпараттандырды ТЖД-нен.

  • 15 Маусым 2015
  • 439
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын хабарланғандай, түнде өңірдің елді аймақтарында секундына 30 метрден астам жылдамдықпен соққан жел, онымен бірге болған жауын-шашын салдарынан электр тасымалдау желілері үзіліп, үй шатырлары бүлінді. Шамамен 47 000 абонент жарықсыз қалған. Сорғылау стансаларында электр энергиясының өшірілуіне байланысты 40 мыңға жуық адам сумен қамсыздандырудан қол үзді. Электр энергиясын қалпына беру бойынша жөндеу жұмыстарына «Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы» АҚ-ның аудандық электр стансасының бригадасы (80 адам мен 18 техника бірлігі) жұмылдырылған.

Бұдан бөлек, қатты жел екпінің салдарынан кейбір ғимараттардың шатырлары жұлынды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер эоқ.

Қазіргі уақытта Боранбай би, Бозтаев, Абай, Әуезов, Интернациональная және Дулатов көшелерінде аулалық учаскелерде жиналып қалған жаңбыр суын сорғылау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Апатты жою жұмыстарына ШҚО ТЖД-нің «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары» ММ жеке құрамының 28 жұмыскері және 8 техника бірлігі жұмылдырылған.

Ауа райының қолайсыздығы салдарынан Глубокое ауданының Верх Березовка кентінде электр тасымалдау желілері үзілді. Жекеменшік секторының 38 абоненті жарықсыз қалды. Сол күні кешке электрмен қамсыздандыру толық көлемде қалпына келтірілді.


Солнечный кентінде екі қабатты 16 пәтерлік үйдің үстіне ағаш құлады. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Салдарынан 102 абонет жарықсыз қалды. Түнде электр энергиясын беру қалпына келтірілді. Ағаш алынды.

Бородулиха ауылында найзағай мен жел салдарынан жарық өшіп қалды. 1393 абонент жарықсыз қалды. Сағат 16:50 жарық қосылды. Жөндеу жұмыстарына «ШҚ АЭК» АҚ-ның АЭС-ның бригадасы жұмылдырылған.

Осыған ұқсас жағдай Жарма ауданында орын алған. Жарықсыз 80 абонент қалды. Алайда екі сағаттан кейін электр энергиясын беру қалпына келтірілген. Жөндеу жұмыстарына Таврический АЭС-ның бригадасы жұмылдырылған.