Жол полициясы Алматы қиылыстарында солға бұрылуға неге тыйым салынып жатқанын түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жол полициясы Алматы қиылыстарында солға бұрылуға неге тыйым салынып жатқанын түсіндірді

Жол полициясы Алматы қиылыстарында солға бұрылуға неге тыйым салынып жатқанын түсіндірді

Солға бұрылуға тыйым салу - көлік кептелісін азайтуға мүмкіндік беретін әлемдік тәжірибелердің бірі.

  • 15 Маусым 2015
  • 506
Фото - Caravan.kz

Алматы қаласында қысқа мерзімде бірнеше ірі қиылыстарда солға бұрылуға тыйым салынды. Жаңа өзгерістер туралы қалалық ІІД әкімшілік полициясы басқармасының басшысы Нұрлан Алмасбеков айтты.

Оның айтуынша, солға бұрылатындар көлік қозғалысын қиындатады. Әлемнің бірқатар елдерінде солға бұрылуға тыйым салынған.

«Мәселен, Біріккен Араб әмірліктерінде солға бұрылыстардың арасы 12 шақырымды құрайды. Барлық бұрылыстарды алып тастаймыз деп айта алмаймыз. Бірақ, бұл бағытта жұмыс басталып кетті», — деді Н.Алмасбеков.