Алматыда АҚТЖ инфекциясына тексерілу науқаны өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда АҚТЖ инфекциясына тексерілу науқаны өтіп жатыр

Алматыда АҚТЖ инфекциясына тексерілу науқаны өтіп жатыр

Алматыда Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) АҚТЖ инфекциясына тесттен өту науқаны жүріп жатыр.

  • 15 Маусым 2015
  • 758
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Алматыдағы СПИД орталығының баспасөз қызметі хабарлады.  

Ақысыз, анонимді науқан 19 маусымға дейін жалғасады. 
Алматы қаласы СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы аталған шараны АҚТЖ мәселелеріне тұрғындардың назарын аудару, инфекцияның таралу жолдары мен сақтану тәсілдерін үйрету, салауатты өмір салтын сақтау мен өз денсаулығына деген жауапкершілікті арттыру мақсатында ұйымдастырып отыр.
«Тестілеуден өту арқылы өзіңнің АҚТЖ статусыңды білу — аурудың алдын алудағы ең басты мақсат қана емес. Сонымен қатар, емделуді дер кезінде бастаудың жолы. Бұндай акциялар біздің қаламызда бизнес құрылымдар, студенттер мен адамдар көп жиналатын қала базарларында өтіп тұрады»,- дейді СПИД орталығының бас дәрігері Талгат Бапиев.
Акцияның алғашқы күндері Медеу мен Алмалы аудандарында өтті. СПИД орталығының арнайы мобильді зертханасы 125 алматылықты экспресс-тесттен өткізген еді.
17 маусым күні Жетісу ауданы ХҚКО-ның келушілері мен қызметкерлері ақысыз, анонимді және құпия түрде АҚТЖ статусын анықтау мақсатында тесттен өтіп өздерін толғандырған сұрақтарына жауап пен кеңестер ала алады. 
18 маусымда Түрксіб ауданы мен 19-нда Алатау ауданының тұрғындары тегін тексеріледі. 
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы жылдары Алматыда өзінің АҚТЖ статусы жайын білгісі келетіндер саны өсіп келеді. 2014 жылдың 5 айында алматылықтардың 112-сі осы қызметке жүгінсе, осы жылдың басынан бері білгісі келетіндер саны 124-ке жетті. Бүгінде әр 12-ші алматылық өзінің АҚТЖ статусын біледі. Бұл халықтың сауаттылығы бойынша көрсеткіш республикадағы ең үздік көрсеткіш.