Қарағандыда қарттар мен алыпсатарлар орынға таласып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда қарттар мен алыпсатарлар орынға таласып қалды

Қарағандыда қарттар мен алыпсатарлар орынға таласып қалды

Қала билігінің саяжайшыларға бөлінген орындарына саудагерлер жайғасып алған. Ал, бақшада піскен өнімдерін арқалаған зейнеткерлер барар жер таппай, кәнігі кәсіпкерлермен дауласып жатыр.

  • 16 Маусым 2015
  • 250
Фото - Caravan.kz

Зоя Букина, саяжайшы:

-Саяжайда банан мен апельсин өспейді. Мынаны қараңдар, саяжай өнімін аламыз деп келгендерге қытайдың қызанағы мен қиярын сатып жатыр. Заңсыз тұрғандарымен қоймай, өзімізге сес көрсетеді.

Күн жылығалы бері, кәрі-құртаң мен алыпсатарлардың айқайынан қала ортасындағы жұрттың мазасы қашты. Өйткені, тегін жерді, кәсіпкерлер пайда көзіне айналдырып алған. Тауарын үйіп тастаған саудагерлер маңайына қарияларды жолатар емес. Саяжай өнімдерін арқалағандар болса, биліктің өзі ашып берген сауда нүктелерін қадағалап жатқан ешкім жоқ деп қынжылады. Қалалық кәсіпкерлік бөлімінде, заңсыз сауда жасағандарды әкімшілік жауапқа тартуға болады деп кеңес берумен шектеліп қана отыр.