Назарбаев университетін бітірген студенттер дипломды Елбасының қолынан алды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев университетін бітірген студенттер дипломды Елбасының қолынан алды

Назарбаев университетін бітірген студенттер дипломды Елбасының қолынан алды

Назарбаев, Назарбаев университетін бітірген қыз-жігіттерге  жұмысты қайдан іздеуге болатыны туралы кеңес берді. Бүгін Елбасы өз есімін иеленген жоғарғы оқу орнының ең алғашқы түлектеріне дипломды өзі табыстады.

  • 16 Маусым 2015
  • 464
Фото - Caravan.kz

Университет атауын иеленген адамның қолынан диплом алған студенттердің  бақыттан басы айналып жүр. Елбасы қыз-жігіттерге 5  жыл бұрын ашылған университеттен алған білімдерін отанға он есе қылып қайтару керектігін айтты. Сондай-ақ, ұлттық компанияларға элиталық университетте оқып шыққан жастарды өзектен теппей жұмысқа алуға шақырды. Халықаралық деңгейде сұранысқа ие болған білікті жас мамандарға президент қызметті қайдан қызмет табуға болатынын да айтып берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Бүгінгі университеттің ертеңгі ЭКСПО қаржы орталығына іргелес болуы бекер емес. Сендер әлемдік білім ордасында оқып, әлемдік қаржы орталығында еңбек ететін боласыңдар. Біз сендердің алаңсыз білім алып, қалаған барлық жағдайларыңызды жасадық.

Биыл Назарбаев университетін 446 жас жаман аяқтап отыр. Араларында докторанттар  мен магистранттар да бар. Бұлар да мемлекет есебінен тегін оқып, бүгін қызыл дипломдарын қолына алды.


Айжан Темірбаева, Назарбаев университетінің магистрі:

-Елбасының қолынан диплом алу мен үшін үлкен мәртебе.Алдыма қойған мақсатым көп. .Соның ішінде қазір Назарбаев университетінде білім саласындағы көшбасшылық мамандығына докторантураға  құжаттар тапсырдым.