Ғалымдар тобы жаңа йогурт туралы есепті беделді Food Research International ғылыми басылымында жариялады. Олардың мәлімдеуінше, бұл өнім тамақ ішу реттілігін сақтап, тәбеттің ашылуын тежейді екен. Сондай-ақ оның бойындағы ақуыз бен крахмал мөлшері арттырылған. Ал бұл ағзаны қарын ашқан кезде тойдырғанымен, оны семіртпейтін құрамдас бөліктер болып табылады.