Қазақстанда әлеуметтік жетімдіктің тарала түсуі алаңдатады - Ә.Мұсабаев - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда әлеуметтік жетімдіктің тарала түсуі алаңдатады - Ә.Мұсабаев

Қазақстанда әлеуметтік жетімдіктің тарала түсуі алаңдатады - Ә.Мұсабаев

Қазақстанда әлеуметтік жетімдіктің тарала түсуі алаңдатады. Бұл туралы бүгін «ҚР-дағы әлеуметтік жетімдіктің алдын алу:

  • 16 Маусым 2015
  • 296
Фото - Caravan.kz

жағдайды сапалық жағынан өзгерту және проблеманы шешудің қазіргі заманғы тәсілдері» атты дөңгелек үстел барысында ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары Әділбек Мұсабаев айтты.

«Қазақстанда 9 мың бала балалар үйінде тәрбиеленуде. Дегенмен қазіргі уақытта әлеуметтік жетімдіктің кеңінен тарала бастауы барынша алаңдаушылық туындатады. Жетім балалардың 80 пайыздан астамы ата-анасы тірі болса да жетім қалып отыр», — деді ол.

Оның атап өтуінше, ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қоры маңызды әлеуметтік және қоғамдық жобаларға белсенді түрде қолдау  көрсетіп келеді.

«Азаматтық бастамаларды белсенді түрде дамытатын әрі үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істейтін қоғамдық ұйым ретіндегі біздің міндетіміз — бұл жұмыстарды сапалы әрі тиімді арнаға бұру. Осылайша, дәстүрлі әлеуметтік идеялар мен жобалар деп аталатын шараның аясында қор 2015 жылы Қазақстанда жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін тәлімгерлік пен меймандық отбасы институтын дамытуға грант бөлді», — деді Ә.Мұсабаев.

Іс-шара барысында сарапшылар Қазақстандағы әлеуметтік жетімдіктің түрлі аспектілерін, заңнама тұрғысынан кәсіби мамандар даярлауды және отбасыларды психологиялық қолдау жайын талқылады.