Еуропада жұмыс істейтін мигранттар 2014 жылы отандарына 109 млрд. доллар аударған - БҰҰ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропада жұмыс істейтін мигранттар 2014 жылы отандарына 109 млрд. доллар аударған - БҰҰ

Еуропада жұмыс істейтін мигранттар 2014 жылы отандарына 109 млрд. доллар аударған - БҰҰ

014 жылы Еуропада жұмыс істейтін мигранттар өз отандарына 109 млрд. АҚШ долларын аударды.

  • 16 Маусым 2015
  • 454
Фото - Caravan.kz

Аталған қаражат әлеуметтік жағдайы төмен 150 миллион адамға көмектесті.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығын дамыту халықаралық қорының жаңа баяндамасында хабарланды, деп жазады БҰҰ-ның Жаңалықтар орталығы.

Ресей, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия және Испания елдерінен мигранттардың ақша аударымдары көбірек болған. Ресейде жұмыс істеген мигранттар 2014 жылы өз туған-туыстарына 20,6 миллиард АҚШ долларын жібергені жазылады.

Еуропа елдерінде жұмыс істеген барлық ақша аударымдарының үштен бір бөлігі 19 елге — Балқан, Балтық және Шығыс Еуропаға жіберілген. Қалған үштен екі бөлігі негізінен Солтүстік Африка және Орталық Азия елдерінің еншісінде.


Ауыл шаруашылығын дамыту халықаралық қоры Еуропаның барлық елдеріне мигранттардың ақша аудару жүйесін жеңілдетіп, олардың бағасын қолжетімді етуге шақырды.