Қазір радикалды топтар бұрынғыдай агрессивті, зорлық-зомбылыққы жақын емес - Теолог - kaz.caravan.kz
  • $ 467.63
  • 547.69
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазір радикалды топтар бұрынғыдай агрессивті, зорлық-зомбылыққы жақын емес - Теолог

Қазір радикалды топтар бұрынғыдай агрессивті, зорлық-зомбылыққы жақын емес - Теолог

Танымал теолог Асқар Сабдин радикалды топтардың бүгінгі жай-күйі туралы айтты.

  • 14 Мамыр
  • 3
Screenshot

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Танымал исламтанушы, теолог Асқар Сабдин Oyla Podcast-на берген сұхбатында адамдар кез келген салада нәпсіқұмарлықтың құлы болып бара жатқанын мәлімдеді.

“Кез келген салада солай. Кинемотография саласында да көбірек күлкі, атыс, эмоция, адам өлтіру қоссаңыз, қаралым да көп жинайсыз. Ал академиялық, жоғарғы санаттағы идеяларды айтсаңыз көп жағдайда тұтынылмайды. Қазіргі қоғам да бұрынғы қоғам да сондай. Адамдар көп жағдайда нәпсіқұмарлықтың құлы. Сол үшін сұранысқа сай ұсыныс бар. Тек дінде емес, кез келген салада сондай. Сексизм мәселесі басқа қоғамда да бар. Ол — рухани және материалдыұ құндылықтардың арасында баланстың болмауы. Рухани зауықтың жоқтығы. Құранда өте жоғары абстракциялық идеялар, әділет туралы айтылған. Исламда мемлекеттің діні — әділет, кеңесу, қауіпсіздік. Ғалымдар осыны айтқан. Аманатқа қиянат та үлкен кінә. Ислам дінінің философиясы бойынша қоршаған орта, жер, ел, бала-шағаң, істеп жатқан қызметің, денсаулық аманат. Оған қиянат жасау құдайдың берген нығметіне қарсылық білдіру. Ол көп жағдайда айтылмайды. Жемқорлық та, лудомания, суицид та үлкен дерт. Осының бәрін алдын алу керек. Діни салада хаос болмау керек. Яғни, белгілі бір сала бойынша мамандар сөйлесін”, — дейді ол. 

Сондай-ақ, ол қазір радикалды топтардың бұрынғымен салыстырғанда едәуір “жұмсарғанын” да айтты.

“Бұрын радикалды топтар “дерзкий” болатын. Жүрген жүрінде, отбасында, оқу ордасында болсын қатал еді. Өзінің қоршаған ортасына қатал насихат жүргізетін. Қазір әлемдік діни ахуалда да шамалы қыздырылған діндарлық суығаннан кейін әлемдік жамағаттың өкілдері суыды. Бұрынғыдай агрессивті, зорлық-зомбылыққы жақын емес. Мемлекет те олармен істеу жұмыс істеу әдістерін дамытып жатыр. 2011-2017 жылдарындағыдай ахуал жоқ. Ол кезде Қазақстанның біраз өңірінде діндарлық қызу болды. Сосын бұрынғыдай әкімшілік, қаржылай ресурстар жоқ. Ол ағымдарда “аман қалу” принципі қосылды. “Бұл жерден кете алмаймыз” деп ойлайды. Сирия қуып жібереді, Ирак қабылдамайды, Ауғанстанның жағдайы қиын. Сауд Арабиясы ешқашан біздің азаматтарға азаматтық бермейді. Түркияда 400 мың еуроға жылжымайтын мүлік алу керек. Сол үшін осы жерде өмір сүреді”, — дейді Асқар Сабдин.