ОҚО-да екі адам Конго-қырым безгегінен көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да екі адам Конго-қырым безгегінен көз жұмды

ОҚО-да екі адам Конго-қырым безгегінен көз жұмды

Оңтүстік Қазақстан облысының екі тұрғыны Конго-қырым қанды қызбасынан қайтыс болды.

  • 16 Маусым 2015
  • 475
Фото - Caravan.kz

Қазақтар бұл дертті көкала деп атаған болатын. Негізінен жануарлардың үстіндегі кенелерден жұғады. Көктемде жүргізілген тексерулер кезінде 27 мың кененің 70-інен аталған дертті жұқтыратын вирус табылған болатын. Биылдың өзінде 3 мыңға тарта азамат кене шақты деп дәрігерге қаралған. Конго-қырым қанды безгегін жұқтырған екі адам дер кезінде ем алып, аттай жазылып кетті. Ал қайтыс болғандардың медициналық көмекке кеш жүгінгенін айтады. Ауру шыққан үйлерде эпидемиологиялық тексеру жүргізілді. Қайтыс болғандармен қарым-қатнаста болған азаматтар анықталды. Жұмағұл Медетов, ОҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары: — Соның ішінде жоғары деңгейде қарым-қатнаста болған адамдарға алдын алу емі тағайындалды. Ал қалған қарым-қатынаста болғандарға қазір медициналық бақылау жүргізілуде, — деп хабарлады 
http://24.kz/kz
.