Қарағандыдағы супермаркетте азық-түлік торғайлардың жеміне айналды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыдағы супермаркетте азық-түлік торғайлардың жеміне айналды

Қарағандыдағы супермаркетте азық-түлік торғайлардың жеміне айналды

Қарағандыдағы ірі супермаркетте азық-түлік торғайлардың жеміне айналып жатыр. Сауда орнында құстардың туралған етті шоқып жатқаны бейнетаспаға түсіп қалған.

  • 23 Маусым 2015
  • 259
Фото - Caravan.kz

Алып ғимараттың жоғары жағында құс атаулы қаптап жүретініне жұрттың көзі үйренген. Торғай ораманы тесіп, етті жұлып жеуге дәндегені сонша адамнан да қаймығатын түрі жоқ. Көргендердің айтуынша, құстар ірімшік, қаймақ, шұжық және жеміс -жидектерге де ауыз салады екен. Супермаркет басшылығы, қойма есіктерінен жүкпен бірге кіретін құстарды жоюға тырысып жатқандарын айтады. Тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы болса, шағым түспесе шара қолдана алмаймыз деп бейқам отыр.