Алматы облысында Өзбекстан азаматтары теңгені қолдан жасап келген - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында Өзбекстан азаматтары теңгені қолдан жасап келген

Алматы облысында Өзбекстан азаматтары теңгені қолдан жасап келген

Елімізде еңбек етіп, нәпақасын құрылыстан табатын гастербайтерлер енді теңгемізді қолдан жасауда. Алматы облысында осындай Өзбекстан азаматтары 2 мыңдық жалған купюралармен ұсталды.

  • 23 Маусым 2015
  • 247
Фото - Caravan.kz

Көрші елден келген екі жігіт бір үйді баспаханаға айналдырып, ақшаны кәдімгі түрлі-түсті принтермен басып шығара беріпті. Осы қулығын іске асыру үшін екі ай бойы дайындалған. Үйлерін тексеру барысында екі принтер мен жарты миллион теңгедей жалған ақша табылды. Сапасы төмен 2 мыңдық банкноттарды шетелдік пысықайлар көбіне базарлар мен кішігірім дүкендерге өткізіп отырған.