Қасымов сотталғандарға электронды білезік тағу үшін ақша сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қасымов сотталғандарға электронды білезік тағу үшін ақша сұрады

Қасымов сотталғандарға электронды білезік тағу үшін ақша сұрады

Ішкі Істер министрлігі сотталғандарға электронды білезік сатып алу үшін бюджеттен 70 миллиард теңге сұрап отыр. Министрлік қыруар қаржыға алынатын жаңа құрылғымен жазасын өтеушілерді тәулік бойы аңдып отырмақ.

  • 23 Маусым 2015
  • 363
Фото - Caravan.kz

Электронды білезік шартты түрде сотталып, үйқамаққа алынғандарға тағылады. Әрі олардың жүріс-тұрысын сырттай бақылап отыру үшін ішкі істер бөлімшелерінде экрандар орнатылмақ. Бұл шетелдерден алынған тәжірибе. Десе де, әзірленіп жатқан бағдарлама 2017 жылға қарай дайын болады екен. Егер мақұлданып жатса, 2018-де сотталғандар жаппай білезік тағады. Ішкі Істер министрлігі бұл арқылы лық толған түрмелерді босатуды көздеп отыр.