Семейде тоңазытқышқа қамалып қалған екі бала тұншығып өлді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде тоңазытқышқа қамалып қалған екі бала тұншығып өлді

Семейде тоңазытқышқа қамалып қалған екі бала тұншығып өлді

Семейде жантүршігерлік оқиға. 6 және 7 жасар екі бала ескі тоңазытқышқа қамалып, ішінде тұншығып өлген.

  • 23 Маусым 2015
  • 387
Фото - Caravan.kz

Қайғылы жағдай Семей шетіндегі саяжайда болды. Ағайынды балалар үйдің маңында ойнап жүріп, істен шыққан тоңазытқышқа кіріп кетіпті. Сөйтіп есігі тарс жабылып қалып, ішінен ашылмай қойған. Бүлдіршіндерден көз жазып қалған ата-анасы 1 сағаттай айналаны іздепті. Ақырында ескі тоңазытқышты ашып, балалардың жансыз денелерін тапқан. Жедел жәрдем шақырғанымен, бүлдіршіндерді аман алып қалу мүмкін болмады.

Татьяна Бедрина, оқиға куәгері:

-Жақын маңдағы көшелерді іздедік. Ертіс жағасына да бардық. Еш жерде болмаған соң, балалардың әкесі тоңазытқышты ашты.