Лукашенко Астанада ЕАЭО-ның жұмысы бойынша ескертулер айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лукашенко Астанада ЕАЭО-ның жұмысы бойынша ескертулер айтты

Лукашенко Астанада ЕАЭО-ның жұмысы бойынша ескертулер айтты

Беларусь президенті Александр Лукашенко Ақордада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында ескертулер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • 31 Мамыр 2016
  • 415
Фото - Caravan.kz

"Өкінішке қарай, жоспарлағанымыздай болып жатқан жоқ. Проблемалар шешусіз қалып отыр. Солардың ең өзектісін бүгін талқыладық. Бірінші кезекте теориялық атқарылған жұмыстарды тәжірибеге айналдыруымыз керек. Біріншіден, ішкі өзара саудада ішкі алымдар мен шектеулерден құтылу керек. Кеден одағы, кейін Бірыңғай экономикалық кеңістік, соңында ЕАЭО ілгерілеп жатса да, мұндай алымдар мен шектеулер өзгеріссіз қалып отыр. Сол 600 деңгейінде қалып отыр. ЕАЭО елдеріне тең жағдай мен бөгеусіз кеңістік құрылмады. Оның үстіне келісімшартқа қол қойылғаннан кейін біздің ішкі сауда айналымымыз құлдырап жатыр. 2012-2013 жылдары 65 миллиард долларға тең еді. 2015 жылы бар болғаны 45 миллиард доллар. Соған қарағанда, келісімшарттағы барлық ұстаным қазіргі экономикадағы жағдай мен болжамымызға сәйкес келіп отырған жоқ", — деп мәлімдеді Лукашенко.

Сонымен қатар, оның пікірінше, ЕАЭО-ның ұйымға мүше елдерінің бірінің үшінші елдерге қатысты нарықты қорғайтын біржақты шараларды қолдану жағдайындағы қызметінің механизмін жасау туралы бастама жүзеге асырылмаған күйі қалып отыр.

"Өткен жылдың қыркүйегінде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында өндірістік әріптестіктің негізгі бағыттары қабылданды. Біз ұлттық өндірушілерді қолдау бойынша келісілген параметрлерді анықтап, өндірістік продукцияның экспортын дамытудың әрекеттестігінің бағыттарын белгіледік. Енді алдымызға қойылған міндеттерді белсенді түрде тәжірибеде жүзеге асыруымыз керек", — деп атап өтті ол.

"Біз энергетика саласындағы интеграциялар бойынша бірінші қадамды жасадық. Электр энергиясының жалпы нарығының концепциясын жасап, бекіттік. Бүгін біз газ, мұнай және мұнай өнімдері бойынша осындай жоспарларды қарап шықтық. Бірақ концепииялардан оларды жүзеге асыруға дейінгі жол кейде өте ұзаққа созылады. Оған біз өзіміз себеп болып отырмыз. Сондықтан біздің комиссия осы бағыттағы жұмысын күшейтуі керек, осы жобаларды жүзеге асыру үшін тиімді шараларды қабылдау керек. Мұнымен қатар дәрі мен медициналық өнімдердің бірыңғай нарығын құру мәселесі де талқыланып келді. Алайда мұнда да мәселе әңгімеден арыға бармады", — деді Александр Лукашенко.


"Бүгінгі күн тәртібінде мәселелердің басым бөлігі әлемдік экономикалық жүйеміздің орнын анықтаумен байланысты. Осыған дейін айтқандарымның барлығы сыртқы серіктестермен сенімді диалог құруға арналды. Бұл үшін біз өзіміздің жоғары дамыған бірыңғай нарығымызды жасауымыз қажет. Өзіміз қуатты болып, одағымызды күшейтуіміз керек. Сонда ғана Еуропалық одақпен де, Қытаймен де, басқасымен де диалог құру оңай болады. Сол кезде күшті боламыз және бір ұстанымда боламыз. Әзірше мұндай жоқ. Ал мұнсыз ЕАЭО ішкі де, сыртқы да саясатты тиімді жүзеге асыра алмайды", — деді Беларусь президенті.

Қазақстан Президенті Лукашенконың ескертулерін комиссия жұмысында ескеру қажет екенін атап өтті.