«Оқиға «Алғабас» шағын ауданында тоғыз қабатты үйде орын алды. Топырақтың шөгіп, үйдің қисайғаны байқалады. 200 адам көшіріліп, қонақүйге, туыстарына орналастырылды. Үйде газбен жабдықтау тоқтатылды. Полицей қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Бүгін құрылыс мәселесі бойынша мамандардан арнайы комиссия құрылды, олар оқиға бойынша шешім қабылдайды», — деді Иманқұлов.