Алматыда заңсыз салынған сауда нүктесі сүрілді
Алматыда «Луна» дәмханасына қосарлана заңсыз салынған тамақтану орны бұзылды. Кәсіпкер өзіне тиісті жерден бөлек, кәуап пісіретін жазғы алаң ашқан. Талапқа сай емес сауда орнына тұрғындар да бірнеше рет шағым жасап келген. Құзырлы орган өкілдері, рұқсатсыз салынған кәуапхананы бұзу туралы бір жыл бұрын шешім шығарған еді. Алайда кәсіпкер осы уақытқа дейін саудасын жасап келген. Алматы қаласы бойынша осындай заңсыз салынған 16 нысан бар. Олардың жартысы бұзылған. Алдағы уақытта қалған жетеуі жойылады.