Еуро-2016: Француздардың румындарды жеңуі оңайға соқпады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.55
  • 524.28
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуро-2016: Француздардың румындарды жеңуі оңайға соқпады

Еуро-2016: Француздардың румындарды жеңуі оңайға соқпады

 

  • 11 Маусым 2016
  • 413
Фото - Caravan.kz

Матч басталғанда румындардың аса белсенді қимылдайтынын ешкім күткен жоқ еді деп хабарлайды bnews.kz. Екі метр жерден тебілген допты француз қақпашысы Уго Льорис қайтарған соң, «Стад де Франс» терең бір демалды. Бірақ бұдан кейін де Франция сондай басым ойын көрсете алған жоқ. Алғашқы тайм голсыз аяқталды. Клубтық маусымның көшбасшылары болған Антуанн Гризманн мен Поль Погба жарқырап көріне алмады, есесіне, «кішкентай қаһарман» Нголо Канте арыстанша айқасты. 

Жирудың баспен жасаған екінші соққысын румын қақпашысы Чиприан Тетерушану оңай жіберіп алған соң, француз жанкүйерлері алақан ысқылай бастаған-ды. Румындар тағы да күрт белсеніп, пенальти тебуге мүмкіндік алды. Тәжірибелі Евраның бұл сәтте Станчуға аяқты орайсыз сілтегені анық еді. Станчу сенімді соққымен есеп теңестірді. Ойын арқауы ширай түсті, алайда таразы басы тең тұрды. 89 минутта жартылай қорғаушы Димитри Пайе айып алаңына енбестен айналдыра соғып, Тетерушануды қапы қалдырды. Қақпашы жандәрмен секіріп, голдың әдемі болуына ғана қызмет етті. Сөйтіп, кезінде айлық табысы адамша өмір сүруіне жету үшін әуесқой футболмен қатар, дүкенде сатушы болып істеген Пайе алаң иелеріне жеңіс сыйлады. Матчтың бас қаһарманы атанған жартылай қорғаушы орнын Мұса Сиссоккоға босатып берген кезде аздап жылап та алды. Қиын өмірі көз алдынан жүгіріп өткен болар, сірә.+

Сөйтіп, жарыс қожайындары алғашқы матчты 3 ұпаймен аяқтады. Енді олар көсіліп шабатын болар. Ал румындар осы қарқынынан танбаса, 1/8 финалдың есігін қағуы мүмкін. Дегенмен бүгін кешке өтетін Албания – Швейцария матчының нәтижесін күтейік.