Талғарда екі бала көлік ішінде өртеніп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.63
  • 583.22
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талғарда екі бала көлік ішінде өртеніп кетті

Талғарда екі бала көлік ішінде өртеніп кетті

 

  • 14 Маусым 2016
  • 812
Фото - Caravan.kz

Талғарда екі бала көлік ішінде өртеніп кетті, — деп хабарлайды Алматы облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Caravan.kz.сайты.

Оқиға кеше 13 маусым күні таңертең жекеменшік үйлердің бірінің ауласында болған. Көлік ішінде 3 жасар екі бала болыпты.

"Балалар Volkswagen Golf көлігінің ішінде жанып кетті. Әзірге көліктің  не себепті өртенгені белгісіз.  Талғар аудандық ІІБ өкілдері орын алған осы дерек бойынша  тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр", — деді облыстық ІІД өкілдері.

Осыған ұқсас тағы бір қайғылы оқиға Қарасай ауданында да болды. Жасы 10  және 11 жастағы екі бала Ұзын Қарғалы өзеніне шомылып жүріп батып кеткен. Бұл оқиға бойынша да тәртіп сақшылары тергеу амалдарын жүргізбек.