Соққыға жығылған Баян Есентаева ауруханадан шығарылмайтын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Соққыға жығылған Баян Есентаева ауруханадан шығарылмайтын болды

Соққыға жығылған Баян Есентаева ауруханадан шығарылмайтын болды

 

  • 18 Маусым 2016
  • 1730
Фото - Caravan.kz

Күйеуінен ауыр пышақ жарақатын алып,соққыға жығылған Баян Есентаева ауруханадан бүгін шығарылмайтын болды. Бұл туралы caravan.kz тілшісіне Талғар аудандық ауруханасы директорының орынбасары Ербол Сәрсенбаев хабарлады. 

Белгілі продюсер Баян Есентаеваға бір апта бұрын ота жасалған еді. Жағдайы сәл жақсарып, тілге келген Есентаеваның өзі мен туған туыстары осы сенбіде үйіне шығаруды талап еткен болатын. Әйтседе, оның жалпы жағдайын бүгін тағы бір тексерген дәрігерлер демалыс күндері ауруханада қалдыруды ұйғарыпты. Ал қашан шығарылатыны  келесі аптада мәлім болады.

Қазір пациенттің денсаулығы бір қалыпты. Туған туыстарына келіп кетуге рұқсат етілген. Орын алған оқиғадан соң продюсердің мыңдаған жанкүйерлері  әлеуметтік желілерде оны қолдап хаттар жаза бастады. Ал Б.Есентаеваның өзі тек бүгін ғана алғаш рет оқырмандарына алғыс білдіріп Instagram-ға жазба қалдырды.

Еске сала кетсек, продюсер Баян Есентаеваны күйеуі Бақытбек Есентаев ауыр соққыға жығып, кеуде тұсына пышақ сұғып алған болатын.Қазір күдікті Талғар аудандық сотының шешімімен екі айға қамауға алынды. Оған "кісі өлтіруге әрекеттенді" деген айып тағылды.