Күннің екінші жартысында Алматы облысының Панфилов ауданында ауа температурасының жоғарылауынан, жауын-шашынның түсуі және тауда қардың қарқынды еруі нәтижесінде Борохудзир өзенінде су деңгейі жоғарылады. Қаптардан жасалған ұзындығы 15 метрлік уақытша бөгет бұзылды. Көктал-Арасан кентіндегі өзен алқабында орналасқан шаруа қожалығына қауіп төніп тұр. 12 үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Сондай-ақ ағаш көпір қираған. Таңға жуық Борохудзир өзенінің су деңгейі екі есеге төмендеді.