Металлургтер қаласының тұрғындары тасқын суды бейнежазбаға түсіріп, роликті әлеуметтік желіге орналастырған. Кадрда судың жаяу жүргенде тізеден келетінін, ал көліктердің жүзіп жүргенін анық көруге болады. Авторлардың кейбірі бейнежазбада Теміртауды Венециямен салыстыруда.
«Жағдай бақылауда. Нөсер жауын жауды. Жолды су басты, тұрғын үйлерге қауіп жоқ. Қазір су мөлшері азаюда», — деп хабарлады қаланың Төтенше жағдайлар басқармасы.