Велоспорт: Алексей Луценко мен Бақтияр Қожатаев Олимпиадаға барады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.65
  • 589.06
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Велоспорт: Алексей Луценко мен Бақтияр Қожатаев Олимпиадаға барады

Велоспорт: Алексей Луценко мен Бақтияр Қожатаев Олимпиадаға барады

Рио-де-Жанейро Олимпиадасында велоспорттан ел намысын Алексей Луценко мен Бақтияр Қожатаев қорғайды. Екеуі де «Астана» велокомандасының мүшелері.

  • 30 Маусым 2016
  • 366
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қазақстан велоспорт федерациясының бапкерлер кеңесінде айтылды, деп жазады 24.kz.

Алексей Луценко — андерлер арасында топтық жарыстан әлем чемпионы (2012), Азия ойындарының жеңімпазы (2014), жекелей сында Қазақстан чемпионы (2015), «Алматы турының» екі дүркін жеңімпазы (2014-2015), сонымен қатар «Ең жас велошабандоз» жейдесінің иегері.

Ал СҚО-ның тумасы Бақтияр Қожатаев Heydar Aliyev Anniversary Tour бас іріктеу турнирінде ТОР-3-ке енген, сондай-ақ «Таудағы үздік шабандоз» атағының иегері (2012).