Батыс Қазақстанда белгісіз індеттен жұрттың қорадағы малы жаппай қырылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстанда белгісіз індеттен жұрттың қорадағы малы жаппай қырылып жатыр

Батыс Қазақстанда белгісіз індеттен жұрттың қорадағы малы жаппай қырылып жатыр

Батыс Қазақстан облысында қолдағы ірілі-уақты мал белгісіз дерттен өліп жатыр. Тұрғындардың айтуынша, төрт түлік аусылға қарсы салынған екпеден соң бірінен соң бірі жаппай ауыра бастаған.

  • 5 Шiлде 2016
  • 417
Фото - Caravan.kz

Қазірдің өзінде оннан астам бұзау арам өліпті. Алпыс шақты сиыр және ауырып жатыр. Індет ұсақ малға да ауыз сала бастаған. Абырой болғанда, ауа мен сілекей арқылы тарайтын қауіпті вирустың адамға жұғу дерегі әзірге тіркелмеді, деп хабарлайды КТК.

Ірі қара мен ұсақ жандықтың ауруға шалдығуы әсіресе Ақжайық ауданына қарасты Нефтебаза мен Чапаев ауылдарында тіркеліп отыр. Мал иелерінің айтуынша, аусылға қарсы екпе салынған соң, сиырлардың тілі мен тұяғына,тіпті желініне жара шығып, дене қызуы көтеріле бастаған. Сондай-ақ тұяқтары мен мүйіздері де қабыршақтанып, түсіп жатыр екен.

-Қазір күні-түні алысумен жүрміз. Мұнда ешкім нақты айта алмай тұр, не ауру, қалай емдеу керек екендігін. Лл үшін қанын облысқа апару керек екен, мұнда ешкім тексермейді оны, дейді Чапаев ауылының тұрғыны, Закир Таутекенов.

Жергілікті мал дәрігерлері де жануарлардың қандай індетке тап болғанын білмей, бастары қатып отыр. Ауру малдардан қан сынамаларын алып, тексеріске жіберіпті. Пастереллез немесе аусыл болуы мүмкін.


Мақтауғали Нұрәлиев, Ақжайық аудандық ветеринария бөлімінің басшысы:

-Облыстық лабораторияға қан сынамаларын жібердік, 5 сынама.4 сынама пастереллез ауруына тексеруге кетті.  Қазіргі кезде Нефтебаза ауылы бойынша анализ дұрыс.Енді Чапаев ауылынан да 5  сынама жібердік. Терапияны қолданып емдеп жатырмыз. Малдар жазылуда, тек бұзаудан шығын бар екендігін айтады Ақжайық аудандық ветеринария бөлімінің басшысы, Мақтауғали Нұрәлиев.

Белгісіз сырқаттан өлген бұзау саны оннан астам. Бұдан өзге 60 шақты сиыр ауру. Оларды оқшаулап ұстап отыр. Тұрғындардың сөзіне сенсек, індет жайлай бастаған соң, жергілікті мал дәрігерлері тағы да екпе жасау үшін халықтан 2000 теңгеден ақша жинап алыпты. Және бұдан өзге бағасы 2500 теңге тұратын қабынуға қарсы препаратты да сатып алу керектігін айтқан. Бірақ, тұрғындардың бәрінде бірдей дәрілерді дереу сатып ала қоятын жағдай жоқ.