Жетім қызды құлдықта ұстаған - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жетім қызды құлдықта ұстаған

Жетім қызды құлдықта ұстаған

Ақтөбе облысы әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің алғашқы отырысында жастарды жұмыспен қамту мәселелері талқыланған еді.
Әңгіме арасында облыс аумағындағы балалар үйлері түлектерінің қоғамға енуі, жеке отбасын құрып, жұмысқа орналасуы да сөз болды. Осы тұста сөз алған облыстық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер Асқар Садықов дәл осы балалар үйі түлектерінің бірінің басына түскен келеңсіз жайттан хабардар етті.
— Осыдан 3 күн бұрын Жем қаласына (Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы) қарасты шопан ауылдарының бірінде қыз бала табылды. Аудандық мәслихаттың депутаты хабарлады. Бұл қыз Жайсаң балалар үйінде тәрбиеленген екен. Оны құлдықта ұстағандай етіп, жұмсап отырған көрінеді. Аудандық ішкі істер бөлімінің басшысына хабар берілді. Сіз де бұл мәселені жеке қадағалауға алуыңызды сұраймын, — деді облыс әкімінің іске араласуын өтінген облыстық мәслихаттың депутаты.

  • 8 Шiлде 2016
  • 289
Фото - Caravan.kz

Соңғы жаңалықтар