«Достар, менің ұлым Сафар Шәкеев жоғалып кетті. Ол 16 шілде күні таңғы 7-лерде жоғалды. Соңғы рет оны Сейфуллин көшесімен жоғары Әль-Фарабиден өтіп бара жатқанда көрген. Ремизовка ауданына қарай бет алған болатын. Бойы 187 см. Үстінде осы қызғылт жейде мен көк джинсы болды. Бүгін көрген адамдар болса немесе қандайда бір ақпараты бар адамдар табылып жатса, жеке хабарлама арқылы хабарлассын немесе осында пікір қалдырсын. Мейлінше, көп репост жасаңыздаршы, өтініш. Мына нөмірлерге хабарласыңыздар — 87082214007, 87025658889, 87754788771, 87017663616», — деп жазды Е.Шәкеев Facebook-тегі парақшасында.
С.Шәкеевтің достары хабарлағандай, туған-туыстары Алматы ІІД-не арыз жазған, қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
