Ереванда шеруге шыққандар мен полиция арасында қақтығыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ереванда шеруге шыққандар мен полиция арасында қақтығыс болды

Ереванда шеруге шыққандар мен полиция арасында қақтығыс болды

Ереванда қарулы топ бекініп алған полиция бөлімшесінің ғимараты жанына жиналған шерушілер тәртіп сақшыларына тас атты. Оларға қарсы құқық қорғаушылар жарық-шулы және түтін гранаталарын пайдаланды. Қос тараптан 50-ден астам адам зардап шекті.

  • 21 Шiлде 2016
  • 288
Фото - Caravan.kz


Кеше, 20 шілдеде кешкі мезгілде Ереванда қарулы топ бекініп алған полиция бөлімшесінде орын алған оқиғаның күшпен шешілуіне қарсылық танытқан азаматтар жинала бастады. Шерушілер ұйымдастырған қоғамдық талқылауда полиция бөлімшесінде бекініп алған қарулы топқа тамақ жеткізу жайы көтерілді. Кейін олар тамақты жеткізу үшін полициядан рұқсат сұраған. Алайда полиция қызметкерлері ерекше қорғалатын аумаққа қауіпсіздікті сақтау мақсатында бөгде азаматтардың кіруіне тыйым салынатынын жеткізді. Осыған байланысты шерушілер өздерінің қарсылықтарын қызуқанды білдіріп, жекелеген адамдар полиция шебіне тас ата бастады. 

Ушығып бара жатқан жағдайды ара-тұра оппозициялық депутат Никола Пашинян тыныштандыруға тырысты. Ол шерушілерді сабырға шақырып, жағдайды ушықтырмауды сұрады. Оның араша түсуіне қарамастан, полиция мен жиналғандар арасында кикілжің болды. Қызуқанды топты басу үшін Н.Пашинянға көмекке діни қызметкерлер, мәдениет және өнер қайраткерлері келе бастады. Олар полиция мен жиналғандар арасында арасында тұрып, халықты тыныштыққа шақырды, осылайша қақтығысты болдырмауға әрекет етті. 

Осы аралықта шерушілер полиция шебінің маңында қоқыс жәшіктерінен баррикадалар тұрғызды. Оқиға орны түні бойы шиеленісте болды. 
Таңға жақын, 21 шілдеде полиция шерушілерге оқиға орны маңындағы жолда қозғалысты қалпына келтіруді сұрады. Бірер минут күткен полиция бұйрыққа мойынсұнбаған бірнеше азаматты ұстап әкетті. Жергілікті БАҚ-тың мәліметтері бойынша, нәтижесінде 30-ға жуық адам ұсталған. Осыдан соң оқиға орнындағы жағдай тұрақталды. 

Еске сала кетейік, 17 шілде күні қарулы топ Ереван қаласында Эребуни ауданының полиция бөлімшесін басып алып, бірнеше адамды кепілге алған болатын. Қарулы топ мүшелері қамауға алынған Жирайра Сефилянды босатуды талап еткен. Арнайы операция барысында кепілден 5 адамды босату мүмкін болды. Тағы төрт адам қарулы топтың қолында қалып отыр. Армян арнайы қызметі мен қарулы топ арасында келіссөздер әлі жалғасуда.