«Бүгін таңертең 08 сағат 47 минутта Алматы қалалық ТЖД «101» кезекші бөліміне куәгерден Әуезов ауданының 10-шы шағын ауданындағы №16-шы төрт қабатты тұрғын үйдің 4-ші қабатындағы пәтерлердің бірінің жанып жатқаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілердің алғашқы тобы оқиға орнына 8 минуттан кейін, яғни 08 сағат 55 минутта келіп жетті.
Мәлім болғанындай, 4-ші қабаттағы пәтерлердің бірі жанып жатты. Өрттің аумағы 40 шаршы метрді құрады. Тілсіз жауды жою барысында 103 адам қауіпсіз аймаққа шығарылды. Олардың ішінде 23 бала бар.
Өрттің салдарынан көрші пәтердің балконының сыртқы қаптамасы зақымданды.
Өрт 09 сағат 08 минутта ауыздықталып, 09 сағат 17 минутта сөндірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ», — деді С. Баймұханбетова.
Қазір өрттің шығу себептері анықталу үстінде.