«Құрманғазы ауданында 1461 сиыр ауруға ұшырады, оның 41-і өлді. Исатай ауданында 174 сиырдан ауру белгілері анықталды. Ауырған малдардың барлығының белгілері бірдей — температура көтеріледі, терісінде жара пайда болады, аузынан сілекейі шұбырады. Малдар қоректенбей әлсіреп, бірқатары өліп қалады. Облысқа астанадан шақырылған мамандар әзірге қандай індет екенін анықтай алмай отыр. Ауру малдардан сынама алынды, бүгінгі күнге дейін комиссия қорытындысы келіп түскен жоқ», — деді Атырау облысы ветеринария басқармасы бастығының орынбасары Азамат Айтқалиев.
Оның айтуынша, ауру белгілеріне және аутогемотерапияға бюджеттен 2 млн. 330 мың теңге бөлінді. Ауырған малдардың бірқатары жазылды.