Вьетнамда бюджетті үнемдеу мақсатында сотталғандар түрмеден босатылады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вьетнамда бюджетті үнемдеу мақсатында сотталғандар түрмеден босатылады

Вьетнамда бюджетті үнемдеу мақсатында сотталғандар түрмеден босатылады

Вьетнам үкіметі алдағы екі жыл ішінде түрмелерде отырған 20 мың адамды бюджетті үнемдеу мақсатында бостандыққа жіберу туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Би-Би-Си агенттігі.

  • 28 Шiлде 2016
  • 336
Фото - Caravan.kz


Еркіндікке ауыр қылмыс жасамаған және мерзімінің жартысын өтегендер шыға алады. Әр ай сайын билік сотталғандарды бір бөліктен босатып отырады. 
БАҚ-тың хабарлауынша, Вьетнамда әрбір қылмыскерді түрмеде ұстау үшін ел бюджетінен жылына 440 доллар жұмсалады. Сотталғандардың жартысын босатып, Вьетнам билігі жылына 9 млн доллар үнемдемек. 
Бостандыққа шыққандардың көбі полиция бақылауында болады.