Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері 1996 жылғы Төлеби ауданының тұрғыны, «Мерседес» жүргізушісі Ленгрге қарай жолға шыққан. Көлікті үлкен жылдамдықпен басқарған ол жол жиегіндегі аялдамада тұрған адамдар тобын бір-ақ қаққан.
Қайғылы жағдай кезінде 1966 жылғы әйел мен 1977 жылғы ер адам оқиға орнында жан тапсырған. Тағы үш жаяу жүргінші дереу ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер екі азаматтың алған жарақатын таңып, үйлеріне жіберген.
Қазір болған оқиға бойынша сот алды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Мерседес» жүргізушісі өз кінәсін толығымен мойындаған. Ол қазір уақытша тергеу абақтысына жабылды. Көлігі айыппұл тұрағына тоғытылды.