Қасиетті Престолдың жоғарғы басшысының орнынан тұруына сол сәтте қасында болған өзге дінбасылары көмектесті. Артынша Рим Папасы ештеңе болмағандай, жиналған халықтың алдында сөз сөйледі.
Айта кету керек, Рим Папасы 26-31 шілде аралығында Краковта өтіп жатқан Жастардың дүниежүзілік ойындары аясында Польшаға келді. Ал Ченстохова қаласы Польшаның рухани астанасы саналады. Мұнда Құдай Ананың Ченстохов иконасы бар.