Жапонияда аптап ыстық - 5 адам қаза тауып, 480-і ауруханаға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапонияда аптап ыстық - 5 адам қаза тауып, 480-і ауруханаға түсті

Жапонияда аптап ыстық - 5 адам қаза тауып, 480-і ауруханаға түсті

Жапонияның басым бөлігінде сақталған аптап ыстықтан бір тәуліктің ішінде 5 адам қаза тапты. Жағдайы нашарлаған 430 тұрғын ауруханаға түскен. 

  • 1 Тамыз 2016
  • 428
Фото - Caravan.kz


Жергілікті телеарналардың хабарлауынша, олардың үшеуінің жағдайы ауыр деп бағалануда.

Жалпы ел аумағында сынап бағанасы 35 градус, тіпті кейбір префектураларда 37 градусқа дейін жоғарылаған. Осыған байланысты жергілікті метеорологтар тұрғындарға ауа баптағышты пайдаланып, ұзақ сапарға шықпауға және күн астында көп жүрмеуге кеңес беруде. Билік басындағылар тұрғындарға үнемі өзімен бірге салқын су ала жүруді және мейлінше жиірек ішу керектігін ескертеді, деп хабарлайды24.kz.